«Қарлығаш» шағын орталығында ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтті
19 желтоқсанда КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығында ата-аналар жиналысы жаңа форматта ұйымдастырылды. Ата-аналарға «Әлемдік кафе» түріндегі жұмыс ұсынылып, онда 3–4 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселелері талқыланды.
Жұмыс үш тақырыптық үстел бойынша жүргізілді. Бірінші үстелде ата-аналар балалардың сөйлеу тілінің нашар дамуының себептерін қарастырды. Екінші үстелде сөйлеуді дамытуға әсер ететін факторлар сөз болды. Үшінші үстелде мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған ойындар мен жаттығулар ұсынылды.
Кездесу барысында тәрбиеші А.А. Исабаева ата-аналарға балалардың сөйлеуін жақсартуға арналған ойындар, жаңылтпаштар мен тақпақтарды таныстырды. Сонымен қатар психолог Т.В. Перегородцева балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты даму мәселелері туралы айтып өтті. Медицина қызметкері А.В. Выходцева ата-аналарға ЖРВИ мен ЖРЗ-ның алдын алу шараларын еске салды.
Жиналыс соңында ата-аналар, балалар және педагогтерді жақындастыра түскен тілек пен ұсыныстарға арналған рефлексиялық шеңбер өткізілді. Іс-шараға 15 адам қатысты.
Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме / Ссылка на публикацию в Facebook:
https://www.facebook.com/KGUStavropolkaSH/posts/pfbid02N7DsJMwPKVjyuEaZGzNHHf21DbdtBkTv7dULYjerAsY1gzAxGHxAiQ9fXC6QfJVtl
#Адал_азамат
#Миницентр_Қарлығаш
